ҚАЖ мекемесінде Нельсон Мандела күні аталып өтті
18 шілде – Халықаралық Нельсон Мандела күні. Бұл күнді 2009 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы бекіткен.
Осыған орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 түзеу мекемесінде тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылып, жазасын өтеушілерге Манделаның өмір жолы мен оның бейбітшілікке қосқан үлесі туралы мағлұмат берілді. Іс-шара барысында тәртіптің маңызы түсіндіріліп, шахмат және дойбыдан жарыстар өткізілді.
Айта кетейік, іс-шараның мақсаты — сотталғандарды оң жолға бағыттап, қоғамға пайда келтіруге ынталандыру.