Денсаулық

Аптап ыстықта абай болыңыз

Шілде айы басталғалы Жамбыл өңірінде ауа температурасы +40 градустан асып, аптап ыстық халықты әбігерге салуда. Ауа райының мұндай аномальды ыстық сипат алуы тұрғындардың жайлы өміріне ғана емес, ең алдымен денсаулығына тікелей қауіп төндіруде. Соңғы күндері облысымызда жедел медициналық көмекке жүгінушілер саны күрт көбейіп, бұл жағдай мамандардың да алаңдаушылығын тудырып отыр.