Брифинг

Өрт қауіпсіздігін сақтау – басты назарда

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында мемлекеттік өрт қауіпсіздігі басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Дінмұханбет Құрманбек пен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Валихан Валиевтің қатысуымен брифинг өтті. Жиында баяндамашылар «Жазғы демалыс кезіндегі өрт қауіпсіздігі» тақырыбында баяндама жасады.

Баспасөз мәслихатында алғаш болып сөз алған Дінмұханбет Бейсеналыұлы облыс аумағындағы 30 жазғы сауықтыру орны мен балаларға арналған 12 жазғы сауықтыру лагеріндегі өрт қауіпсіздігіне тоқталды.

Ал Валихан Абилоглы шомылу маусымында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы баяндады.

М.ЖАМБЫЛҰЛЫ