3 445 тұрғын баспанаға қол жеткізеді
Биыл кезектегі азаматтарды әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз етуге бюджеттен 36 миллиард теңге бөлініп, нәтижесінде 3 445 тұрғын баспаналы болады деп күтілуде. Оның 1 505-і әлеуметтік осал топтағылар. Бұл жайында облыс әкімдігі құрылыс басқармасының тұрғын үй, инженерлік-коммуникациялар және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Дәулет Дайрабаев өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында баяндады.