Жаңалықтар

Қостанайда науқас хирургті соққыға жығып, дәрігер жансақтау бөліміне түсті

Қостанай облыстық ауруханасында науқас дәрігерге қол көтерді, деп хабарлайды arainfo.kz

Аурухана баспасөз қызметінің мәліметінше, күрделі операциядан кейін хирург дәрігер қабылдау бөлімшесінде кезекпен науқастарды қабылдап жатқан. Алайда кезекте тұрған науқастардың бірі агрессивті әрекетке барып, дәрігерге соққы жасаған.

Аурухана ұжымы бұл жағдайды жай ғана оқиға емес, медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігіне төнген қылмыс ретінде бағалап отыр.