Қоғам

Алаяқтық асқынып барады

Тараз қаласы әкімінің міндетін атқарушы Нұрсұлтан Исабековтің төрағалығымен құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.

Жиында әуелі Тараз қаласы полиция басқармасының киберқылмыстарды тергеу бөлімінің бастығы Дидар Өскенбай алаяқтықтың, оның ішінде интернет-алаяқтықтың алдын алу және жолын кесу мәселелері туралы баяндады.

Келесі кезекте Тараз қаласы бойынша «Мансап орталығы» директорының орынбасары Ерғали Кембаев бұрын сотты болғандарды және бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан азаматтарды оңалту мен әлеуметтік қолдау шараларына тоқталды.

Жалпы 2025 жылдың басынан қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты түзеу мекемелеріндегі және Тараз қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған жалпы 52 азамат тұрақты және жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған.

Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы