Ветеринарлардың мерейі тасыған күн
10 шілде – Ветеринария қызметкерлері күніне орай Меркі ауданында мерекелік іс-шара өтіп, сала мамандарына құрмет көрсетілді.
Меркі ауданындағы «Көк Көл» демалыс аймағында ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек қатысып, ветеринарларды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Сондай-ақ Әбілхайыр Ғалымұлы Премьер-министр Олжас Бектеновтың құттықтау хатын оқып, облыс әкімдігі ветеринария басқармасының басшысы Бақыт Бетбаевқа табыстады.
Сонымен қатар іс-шара барысында облыс әкімдігі ветеринария басқармасының басшысы Бақыт Бетбаев та ақжарма тілегін арнады.
Келесі кезекте бірқатар сала қызметкеріне Ауылшаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» және үшінші дәрежелі «Еңбек данқы» төсбелгілері тағылды. Тағы бір топ азаматқа Ауылшаруашылығы министрінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаты, облыс әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаты табысталды. Облыстық мәслихаттың депутаты Нұржан Әділов те мерекелік құттықтауын жеткізіп, облыстық мәслихаттың Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен 9 ветеринар маманды марапаттады. Сондай-ақ Меркі ауданының әкімі Ербол Жиенқұлов мерекелік құттықтауын жеткізіп, бірқатар меркілік мал дәрігерін марапаттады.
Іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Мұқағали БАЛТАБАЕВ