Тоқаев жаңа заңдарға қол қойды
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды arainfo.kz
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және экспорттық-кредиттік агенттіктің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
Құжат аясында Жер, Кәсіпкерлік, Азаматтық процестік, Әлеуметтік және Су кодекстеріне, сондай-ақ 23 заңға өзгерістер енгізілді.
Бірінші блок – көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару жүйесін жетілдіруге арналған.
Жай серіктестік нысаны жойылып, басқарудың екі түрі ғана қалды:
- МИБ – меншік иелері бірлестігі
- ТББ – тікелей бірлесіп басқару.
Екінші блок – салық заңнамасындағы өзгерістерге қатысты.
Заң декларациялау рәсімдерін нақтылап, Салық кодексіндегі сілтеме нормаларды өзектендіруді көздейді.
Сонымен қатар Президент:
– «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекске (Салық кодексі) өзгерістер енгізу туралы,
– «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекске тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа қатысты толықтырулар енгізу туралы заңдарға да қол қойды.
Заңдардың толық мәтіні баспасөзде жарияланады.