Жаңалықтар

Қазақстан азаматтығына үміткерлерге арналған жаңа тест талаптары ұсынылды

Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан азаматтығын алу немесе оны қалпына келтіру тәртібіне өзгерістер енгізуді ұсынып отыр, деп хабарлайды arainfo.kz

Құжат жобасына сәйкес, үміткерлерге қойылатын тестілеу талаптары қайта қаралып, кейбір пәндер бойынша шекті балл төмендетіледі.

Жаңа талаптар бойынша азаматтық алуға ниетті тұлғалар келесі пәндерден төмендегі баллдарды жинауы тиіс:

  • Қазақ тілі – кемінде 15 балл (қазіргі талап – 36 балл);
  • Қазақстан Конституциясы негіздері – кемінде 20 балл (бұрын 9 балл);
  • Қазақстан тарихы – кемінде 15 балл (өзгеріссіз қалды).

Министрлік түсіндірмесінде бұл өзгерістер пәндер бойынша сұрақтар санын теңестіруге және жалпы өту шегін 10%-ға төмендетуге мүмкіндік беретіні айтылған.

Құжат жобасы 2025 жылғы 25 шілдеге дейін көпшіліктің талқылауына ұсынылған.