Жамбылда лизингтік бағдарлама арқылы техника алған фермерлер саны рекордтық деңгейге жетті
Ауыл шаруашылығын дамыту, шаруалар мен кәсіпкерлерге қолдау білдіру шаралары артып келеді. Мәселен «ҚазАгроҚаржы» АҚ қолдауымен бірқатар шаруақожалықтары өз істерін оңтайландырып, кәсіпкерлер озық технологияларды қолдану арқылы туындаған мәселелердің шешімін қарастыруда. Оның ішінде су үнемдеу технологияларын енгізіп, оны өндірісте кеңінен пайдалану жұмыстарын айтып өтпеске болмайды. Бұл бағытта да «ҚазАгроҚаржы» АҚ қолдауымен Жамбыл облысында бірқатар жұмыстар атқарылуда.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ фермерлерге жан-жақты қолдау білдіріп, бүгінде бірқатар кәсіпкерлерге шаруаларын оңтайландыру ісіне атсалысып келеді. ҚАкционерлік қоғам төмен пайыздық мөлшерлеме және төлемдерді ыңғайлы жоспармен өтеу мүмкіндігін қарастыра отырып, тиімді шарттар ұсынады. Көп жағдайда келісімшарттар жылдық 5–6 пайыз мөлшерлемемен рәсімделіп, 10 жылға дейінгі мерзімді қамтиды. Сондай-ақ өнімнен түскен табысқа қарай, төлем уақытын фермер өзіне қолайлы кезеңге жоспарлай алады. Компанияның басты артықшылығы да осыда. Бұл жөнінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Еркебұлан Жұмжаев баяндады.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ Барқарма төрағасының орынбасары Еркебұлан Жұмжаев өз пікірінде биыл тек Жамбыл облысынының өзіне 7 миллиард теңгеге техника беру жоспарланып, аталған қаржыға 900-ден астам фермер көмек алатынын қоса айтты. Бүгіннің өзінде несие алушылардың басым көпшілігі жылдық бес пайыздық мөлшерлемемен бағдарламаны таңдаған.
2025 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ рәсімдеу процесін одан әрі жеңіл әрі қолжетімді ету мақсатында өтінім берудің электрондық жүйесін іске қосты. Өтінімді қарау уақыты орта есеппен 10 күннен аспайды. Өтінім мақұлданған соң тұтынушы шартқа қол қойып, 30–45 күн ішінде техникаға қол жеткізеді.
Байзақ ауданындағы «Агрохолдинг ASPAN» ауыл шаруашылығы кооперативі лизингтік бағдарламамен бұрыннан таныс. Кооператив басшысы Саха Манатовтың айтуынша, «ҚазАгроҚаржы» АҚ ұжымы техникамен қамтамасыз етуден бастап су үнемдеу технологияларын енгізуге дейін жан-жақты қолдау көрсеткен. Қазіргі уақытта шаруашылық шамамен төрт мың гектар жерді өңдеп, жүгері, бұршақ, қызылша және өзге де көпжылдық дақылдар өсірумен айналысады.
Сонымен қатар кооператив басшысы ұжымда 32 қызметкер өз жұмысын атқарып, әрқайсысы мамандық бойынша бөлінгенін тілге тиек етті. Сондай-ақ жұмысын жақсы атқарған қызметкерлерге жан-жақты көмек берілетінін де жасырмады.
Байзақ ауданына барған сапарымызда жоғарыда айтылған мәселелердің шешімі мен фермердің жұмысымен толық таныс болдық. «ҚазАгроҚаржы» АҚ – ның жүйелі жобалары мен білікті бастамалары өз жалғасын таба берсін деген тілектеміз.
Мұқағали БАЛТАБАЕВ