Болашақ құқық қорғаушылармен ашық сұхбат өтті
ҚАЖ департаменті бастығы Қостанай академиясына оқуға ниетті үміткерлермен кездесу өткізді, деп хабарлайды arainfo.kz
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы, әділет подполковнигі Қосжанов Жаныбек Жамалбекұлы ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына оқуға түсуге ниет білдірген үміткерлермен және олардың ата-аналарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында департамент басшысы Академияға түсу тәртібі, талапкерлерге қойылатын негізгі талаптар, оқудың ерекшеліктері мен болашақтағы қызмет мүмкіндіктері жөнінде жан-жақты түсіндірме берді. Сонымен қатар, Жаныбек Жамалбекұлы ҚАЖ саласындағы қызметтің жауапкершілігі мен маңыздылығына тоқталып, үміткерлерге батылдық, тәртіп пен адалдық сияқты құндылықтардың маңызын атап өтті.
Ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, Академиядағы білім беру жүйесі, жатақхана жағдайы, стипендия мен бітіруші түлектерді жұмыспен қамту мәселелері бойынша толыққанды жауап алды.