Жаңалықтар

Ескі Күйік асуында жаңа жол салынуда

Күйік асуындағы айналма жолда күрделі жөндеу жүргізілуде, деп хабарлайды arainfo.kz

Биыл өңірдегі республикалық маңызы бар жолдардың басым бөлігі күрделі жөндеуден өтуде. Соның бірі – ескі Күйік асуындағы айналма жол.

Қазіргі таңда аталған учаскеде 30 техника жұмылдырылып, жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары маусым айында басталған. Жоспар бойынша, олар белгіленген мерзімде толық аяқталуы тиіс.