Жаңалықтар

Қазақстандық режиссердің фильмі Италиядағы фестивальдің бас жүлдесін жеңіп алды

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды arainfo.kz

Аталмыш туынды «Үздік толықметражды фильм» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Фильм Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін картина Asia Pacific Screen Awards-тағы ең үздік жастар фильмі атанды, Әзербайжандағы Baku International Film Festival додасында да бас жүлдеге ие болды. Франциядағы Cinema Heritage Festival байқауында арнайы марапатқа ие болды. Оператор Жанарбек Елеубек Asia World Film Festival-да «Үздік оператор» номинациясы бойынша топ жарды. Сонымен қатар фильм ресми түрде Қазақстаннан «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясы бойынша «Оскар-2025» сыйлығына ұсынылды.

Фильмнің сюжеті ежелгі қазақ дәстүрі бойынша әжесінің тәрбиесінде болған баланың оқиғасын баяндайды. Әжесі өмірден өткен соң бала ата-анасына оралып, жаңа ортада бейтаныс адамдармен қарым-қатынасы қиындайды.

2003 жылы негізі қаланған Ischia Film Festival – Еуропадағы ең көркем және ерекше фестивальдердің бірі. Ол ортағасырлық Арагон сарайының аумағында өтеді. Фестивальдің басты ерекшелігі – киноның көрнекі ортасына және түсірілім орындарының көркемдік рөліне назар аудару. Соның арқасында әрбір фильм мәдени және табиғи кеңістік контекстінде қарастырылады.