Қойма салсаңыз, қолдауға ие боласыз
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласын аралау барысында «Әулиеата» ауданына қарасты «Шайқорық» алқабындағы көтерме көкөніс сақтау қоймасының жұмысымен танысты.
Аталған қойманың жалпы сыйымдылығы – 2000 тонна, ал аумағы – 1000 шаршы метрді құрайды. Жобаны жүзеге асыруға 312 миллион теңге бағытталған. Оның ішінде 100 миллион теңге «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы тарапынан қаржыландырылған.
Қоймада -18°С-тан +1°С-қа дейінгі температура режимінде көкөніс және басқа да өнім түрлері сақталады.
Ербол Қарашөкеев көкөніс сақтау қоймалары баға тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды тетігі екенін алға тартып, кәсіпкердің бастамасына алғыс білдірді.
Өңір басшысы ардагерлердің игілігі үшін бой көтерген Белсенді өмір сүру орталығын аралап көрді.
Мердігер мекемеге құрылыс жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау тапсырылды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі