Жаңалықтар

ҚАЖ қызметкерлерінің жедел жағдайларға дайындығы пысықталды

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 мекемесінде жеке құрам қызметкерлерінің «Дабыл» бойынша әзірлігі мен арнайы сөмкелері тексерілді, деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл күні өңірлік ҚАЖ департаментінің өзіндік қауіпсіздік тобының өкілдері аталған мекеме басшылығымен бірлесе отырып, қызметкерлердің жедел жағдайларға сай болуын және тиісті ережелерді сақтауын кезекті рет пысықтады.

Айта кетейік, мұндай шаралар жұмыс тәртібін нығайтуға, аз уақыт ішінде жеке құрам қызметкерлерін ұйымдастыруға және ҚАЖ қызметкерлері арасында тәртіпті қатаң сақтауға өз септігін тигізеді.