Жаңалықтар

Жамбыл облысында жер сілкінісі болды

Бүгін, 2025 жылдың 8 шілдесінде Жамбыл облысында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды arainfo.kz

2025 жылғы 8 шілдеде Астана уақытымен сағат 14:30-да ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпулері Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 334 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орын алған.

Сейсмикалық толқындар бірқатар елді мекендерде сезілді. Атап айтқанда:

Құлан ауылында – 6 балл,

Мерке ауылында – 5 балл,

Шу қаласында, Сарыкемер, Төле би, Тараз қалаларында – 3 балл,

Аса, Мойынқұм, Қордай, Бауыржан Момышұлы, Қаратау қалаларында және Тұрар Рысқұлов ауылында – 2 балл деңгейінде сезілген.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қирау фактілері тіркелген жоқ.

Төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтер жағдайды бақылауда ұстап отыр.