Аягөзде бес жасар қыз темір бөшкеге қысылып қалды
Аягөзде бес жасар қыз алюминий құтыға қысылып қалып, құтқарушылар дер кезінде көмек көрсетті, деп хабарлайды arainfo.kz
Бүгін жеке үйдің ауласында ойнап жүрген бес жасар қыз алюминийден жасалған құтыға кіріп, өздігінен шыға алмай қалды. Оқиға баланың ата-анасының көз алдында болған. Олар баланы өз бетімен құтқара алмаған соң, Төтенше жағдайлар министрлігіне жүгінген.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары арнайы "Holmatro" гидравликалық құралының көмегімен құтының қабырғаларын кесіп, баланы сәтті шығарып алды. Қыз ата-анасына аман-есен табысталды.
Балаға медициналық көмек қажет емес, қазіргі жағдайы жақсы.
ТЖМ өкілдері балалардың қауіпсіздігіне назар аударуға және ойын кезінде олардың қимылына мұқият болуға шақырды.