Танымал боксшы Ермахан Жақыпбеков кәсіби мансабын аяқтады
Семейлік боксшы Ермахан Жақыпбеков 25 жасында кәсіби мансабын аяқтағанын жариялады, деп хабарлайды arainfo.kz
Бұл туралы ол Instagram парақшасында мәлімдеп, жарақатына байланысты спорттан кетуге мәжбүр болғанын жазды.
Айта кетейік, Жақыпбеков жастар арасында екі дүркін Азия чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ол 2023 жылы Астанада өткен "Елорда кубогында" Әлем чемпионын жеңіп, сенсация жасаған еді.