Жазасын өтеушілер үшін әлеуметтік жобаның берері мол
Таразда өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінен 35 жастағы ер адам босатылды, деп хабарлайды arainfo.kz
Жаза мерзімінің аяқталуына байланысты бостандыққа шыққан алматылық азаматқа «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы аясында әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетіліп, тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ бұл күні ҚАЖ қызметкерлері сотталған назарына оған көрсетілетін кез келген көмектің көлемін анықтау мақсатында қажетті мәліметтерді ұсынды.
Айта кетейік, А. есімді азамат Қылмыстық Кодекстің 120-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, сот шешімінің негізінде бес жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын.
Жалпы, «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы – жазасын өтеушілерді қоғамға қайта бейімдеуде маңызды рөл атқарады. Өйткені осынау жоба аясында сотты болған азаматтарға еркін өмірдегі құқықтары мен міндеттері кеңінен түсіндіріліп, олардың «екі қолына бір күрек» табуына жол ашылады