Дайындық деңгейі пысықталды
Облыс орталығындағы «Mart» ойын-сауық орталығы аумағында Тараз қалалық төтенше жағдайлар басқармасының ұйымдастыруымен жоспарлы өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті.
Тараз қалалық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Ербол Амировтың айтуынша, оқу-жаттығуды өткізудегі мақсат – адамдар көп шоғырланатын нысандарда өрт және басқа да төтенше жағдайлар туындаған кезде жедел әрекет ету дағдыларын жетілдіру.
Жаттығу ережесіне сәйкес, ғимараттың бірінші қабатында шартты өрт орын алды. Соның салдарынан персонал мен келушілерді шұғыл эвакуациялау қажет болды. Жаттығу барысында жедел әрекет ету уақыты ғана емес, барлық қызметтердің өзара іс-қимылы да тексерілді.
Құтқарушылар шартты оқиға орнына жедел жетіп, «өртті» оқшаулап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қажетті іс-қимылдар жүргізді.
Сондай-ақ, ол жаттығуға қатысқан барлық қызметтер мен мамандарға жоғары дайындық деңгейі, кәсібилік пен үйлесімді әрекеттері үшін алғыс білдірді.
Ақтоты БЕКЕНҚЫЗЫ