Жауапсыз мердігерлер қатаң жазаланады
Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыс әкімдігі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Айтқазы Қарабалаевтың қатысуымен брифинг өтті.
Биыл облыс аумағында 561 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның 301-і мемлекеттік бюджет есебінен, қалған 260-ы жеке қаражат есебінен. Басқарма басшысының айтуынша, жыл басынан бері 110 құрылыс нысанына жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілген. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде 84 нұсқама беріліп, 224 әкімшілік іс қозғалған. Оның 19-і тапсырыс беруші, 20 мердігер мекеме, 6 жобалаушы, 4 сараптама ұйымы, 7 техникалық және 6 авторлық қадағалаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жалпы айыппұл соммасы 53 152 844 теңгені құраған.
Брифинг соңында басқарма басшысы БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Мұқағали БАЛТАБАЕВ