МӘМС есебінен онкологиялық орталыққа замануи құрылғылар келді
Жамбыл облыстық көпбейінді онкологиялық және хирургиялық орталығына МӘМС есебінен жоғары технологиялық құрал-жабдықтар сатып алынды, деп хабарлайды arainfo.kz
Жаңа медициналық құрылғылар көмей қатерлі ісіктерін ерте анықтап, аз инвазивті ем жүргізуге мүмкіндік береді
Жамбыл облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығы бірқатар жоғары технологиялық медициналық құралдармен толықты. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында орталыққа видеоларингоскоп және LigaSure аппараты сатып алынды.
Бұл құралдар онкологиялық ісіктерді ерте диагностикалауға және ісікті тілмей алуға және отаның жеңіл барынша жеңіл өткізуге мүмкіндік береді.
Орталық директоры Жандос Сейдахметовтің айтуынша, елімізде онкологиялық ауруларға шалдыққан науқастар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде ем алады. Ал МРТ, КТ секілді диагностикалық қызметтер мен орталықтағы бірқатар жоғары технологиялық жабдықтар МӘМС жүйесі арқылы қаржыландырылады.
Оның айтуынша, видеоларингоскоп — көмейдің ішкі құрылымын көруге арналған камерасы бар құрылғы. Бұл аппарат ісікті ерте сатыда анықтауға, бақылауға және тыныс жолдарын ашуға мүмкіндік береді. Құрылғы асқазан, ішек, бауыр, жатыр, аналық без, сүт безі, қалқанша без және лимфа түйіндері ісіктерін хирургиялық жолмен алып тастау кезінде де қолданылады.
Айта кетейік, жақында орталықтың онкохирург дәрігерлері жаңа құралдардың көмегімен алғашқы сәтті операция жасады. 1958 жылы туған Тараз қаласының тұрғыны Колдас Машинбаевқа «көмей ісігі» диагнозы қойылып, ларингэктомия жасалды. Ісік шамадан тыс үлкейіп, науқастың өміріне қауіп төндірген. Дегенмен, дәрігерлер жоғары технологиялық құрылғыларды қолдана отырып, отаны сәтті аяқтады.