Жаңалықтар

Сенат төрағасы Жамбыл облысының әлеуметтік және экономикалық дамуымен танысты

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында облыстық әлеуметтік оңалту орталығына барып, оның қызметімен танысты, деп хабарлайды arainfo.kz cенатордың Баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Мұнда 18 жастан асқан бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға және қарттығына байланысты өзіне қызмет көрсете алмайтын жандарға тиісті жағдай жасалған.

Өңірге сапар барысында Сенат депутаттары Байзақ ауданында орналасқан «Мейірім» балабақшасына да барды. Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға арналған «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру аясында жабдықталған нысан 25 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді. Бүгінде аталған балабақшаға ауылдағы 125 бала барады.

Сенаторлар «JS GLASS» шыны зауытының және ауыл шаруашылығына арналған фторсыздандырылған фосфат өндіретін «Минералды тыңайтқыштар» кәсіпорнының ұжымдарымен де кездесті.