«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының жаңа басшысы тағайындалды
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның жаңа басқарма төрағасы болып Талғат Сағиұлы Алдыбергенов тағайындалды, деп хабарлайды arainfo.kz
Жаңа басшыны ұжымға «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов таныстырды. Бұған дейін Алдыбергенов ҚТЖ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Талғат Алдыбергенов теміржол саласында 35 жылдан астам еңбек еткен. Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және басқару» мамандығы бойынша үздік бітірген. Сондай-ақ Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының экономика магистрі (қызыл диплом) және экономика ғылымдарының кандидаты дәрежесіне ие.
Мансап жолы: жұмысшыдан топ-менеджерге дейін
1992–1998 жылдары – Батыс Қазақстан темір жолында тауар кассирі, жүк пен багажды қабылдап-тапсырушы, станция бастығының орынбасары, аға жол-коммерциялық ревизор қызметтерін атқарған.
1998–2007 жылдары – «ҚТЖ» АҚ, «Қазтранссервис» және «ҚазМұнайГаз» құрылымдарында түрлі басқарушы лауазымдарда болды.
2008–2019 жылдары – «Кедентранссервис» АҚ президенті, «АвтоГазАлматы» ЖШС бас директоры, «Kazakhmys Maker» ЖШС басқарма төрағасы.
2024 жылдан бастап – «ҚТЖ» басқарма төрағасының орынбасары.