Жаңалықтар

Докторантураға түсу емтиханына қатысу үшін өтініштерді қабылдау басталды

Бүгін, 3 шілдеде, докторантураға түсу емтиханына (ДТЕ) қатысуға өтініш қабылдау басталды, деп хабарлайды arainfo.kz

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, өтініш қабылдау 2025 жылғы 3 тамызына дейін жалғасады. Емтиханның өзі 4-20 тамыз аралығында өтеді.

Өтініш беру процесі Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz платформасында жүргізіледі. Талапкер тек бір жоғары оқу орнын және бір білім беру бағдарламасы тобын таңдай алады. Өтінішке енгізілген мәліметтерді 3 тамызға дейін өзгертуге немесе жоюға болады.

Докторантураға түсу емтиханы үш кезеңнен тұрады:

  • Әңгімелесу – 30 балл
  • Эссе жазу – 20 балл
  • Бейіндік пән бойынша тест – 50 балл
  • Жалпы – 100 балл, шекті балл – 75.

Тестілеу өтетін орын мен уақыт туралы ақпарат талапкердің жеке кабинетінде 9 тамызда жарияланады.

Құжаттар қатарында міндетті түрде болуы тиіс:

  • ҚАЗТЕСТ сертификаты – мемлекеттік тілді меңгеруін растау
  • Шет тілі сертификаты – IELTS, TOEFL, TOEIC, Duolingo және т.б.

Айта кетейік, биылдан бастап шет тілін меңгеру сертификаттары үшін шекті деңгей B1-ге дейін төмендетілді. TOEIC және Duolingo English Test ресми тізімге енгізілді. TOEFL ITP иелеріне ағылшын тілінен қосымша тест тапсыру қажет.

Сонымен қатар биылдан бастап бейіні бойынша докторлар бағдарламасына да құжат қабылдануда. Бұл бағдарламада шет тілі сертификаты талап етілмейді, эссе жазу да қарастырылмаған. Бағалау көрсеткіші – 80 балл, шекті балл – 50.