Жаңалықтар

Қазақстанның барлық өңірінде ҮЕҰ консультациялық орталықтары ашылды

2025 жылғы 1 маусымнан еліміздің барлық өңірінде үкіметтік емес ұйымдардың консультациялық орталықтары өз жұмысын бастады, деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл бастама азаматтардың білікті құқықтық көмек алуын кеңейтуге бағытталған, «Заң және тәртіп» наративі шеңберінде жасалған маңызды қадам.

Орталықтар азаматтар мен ҮЕҰ үшін қолжетімді құқықтық кеңес беріп қана қоймай, мемлекет жүзеге асырып жатқан бастамаларға қатысу жолдары мен мүмкіндіктері жөнінде жан-жақты мәлімет ұсынады.

Бір айдың ішінде орталықтар мамандары 400-ге жуық кеңес  берген. Оның ішінде 239 қала тұрғындарына, 103 ауыл тұрғындарына бағытталды.

Азаматтарды қызықтырған мемлекеттік сатып алулардың шарттары, әлеуметтік көмек түрлері, волонтерлік қозғалысқа қатысу мүмкіндігі, үкіметтік емес секторды дамытуға арналған қолдау шаралары, баспана мен жерге қатысты мәселелер.

ҮЕҰ консультациялық орталықтары жұмыс күндері тұрақты түрде қызмет көрсетеді.