Жаңалықтар

"Сыбыс" , "Тұяқ", "Әже" : Мемлекет қолдайтын киножобалардың атауы белгілі болды

Қазақстанда 2025 жылы мемлекеттік қолдауға ие болатын 16 киножоба анықталды, деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл туралы шешімді ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы Ведомствоаралық комиссия қабылдады. Іріктеу процесі Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының Сараптамалық кеңесінің ұсыныстары негізінде өтті.

Айта кетейік, конкурсқа анимация, деректі, көркем фильмдері санаты бойынша 444 өтінім тіркелген. Сараптама кеңесінің қарауына 357 жоба жолданды. Бағалау нәтижесінде 128 сценарий мен сценарийлік жоспар екінші кезеңге өтті. Бұл кезеңде қатысушылар толық құжаттар пакетін ұсынды. Нәтижесінде 99 жоба питчингке жолдама алды.

9-12 маусым аралығында Алматы қаласында конкурстық іріктеудің екі кезеңінен сәтті өткен кино жобалардың питчингі өтті. Питчинг Кино орталықтың ресми YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетілді. Бұл конкурстың ашықтығы мен әділеттілігіне деген ұстанымды көрсетеді.

Нәтижесінде 16 киножоба мемлекеттік қолдауға ұсынылды:

  • «Тұяқ» – ТОО «Magic Wood»
  • «Ботай. Ғайып ғалам» – ИП «Андроник»
  • «Менің кішкентай патшалығым» – ТОО «Blockbuster Production»
  • «Крепость №307» – ТОО «Медетфильм»
  • «Қосшығұлов. Шоколад фабрикасы» – ТОО «Alatau Production»
  • «Нұрлан мен Тай» – ТОО «i1 team»
  • «Начни с себя» – ТОО «Al’ba Studiya»
  • «Әже» – ИП «Kenistik»
  • «Сыбыс» – ТОО «Dala Cinema PRO»
  • «Күнес» – ТОО «Folklore Media»
  • «Скважина №37» – ТОО «Niyaz Production»
  • «Қиял vs Қадам» – ТОО «OZART»
  • «Бәйтерек туралы аңыз» – ТОО «NETSHARDS»
  • «Шыңырау (Колодец)» – ТОО «Central Asia Film Group»
  • «Алғашқы кітап» – ИП «JBF company»
  • «Сказка о морских псах (Ерте Ерте Ертеде)» – ИП «Тихий свет»

Бұл жобалар аясында көрермендерге тарихи, әлеуметтік, балалар және анимациялық бағыттағы жаңа туындылар ұсынылады. Қаржыландыру туралы түпкілікті шешім Мәдениет және ақпарат министрлігінің қарауында.