Жаңалықтар

Таразда кортеж ұйымдастырған мектеп түлектері жауапқа тартылды

Полиция қызметкерлерімен аумақты патрульдеу барысында Тараз қаласындағы бірнеше орта мектептің бітіруші түлектерінің оқу жылын аяқтауға арналған іс-шара аясында көлік кортежін ұйымдастырғаны анықталды, деп хабарлайды arainfo.kz

Кортеж кезінде түлектер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, қоғамдық тәртіпті сақтамай, басқа жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірген. 

Көлік құралдарын басқару кезінде қозғалыс ережесін бұзу, автокөліктердің жолда жүру тәртібін сақтамауы, қоршаған ортаға қауіп төндіру жағдайлары бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің бірнеше баптарымен, барлығы 19 әкімшілік хаттама толтырылды. 

Жамбыл облысы Полиция департаменті азаматтарды, соның ішінде мектеп бітірушілер мен олардың ата-аналарын, мерекелік шараларды өткізуде қауіпсіздік пен заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.