Қоғам

Жыл сайын 100 мың жас мемлекеттік қолдау алатын болады – министр

Жыл сайын 100 мың жас мемлекеттік қолдау алатын болады – министр

Еңбек министрі алдағы үш жылда іске асатын жобалармен таныстырды, деп хабарлайды Arainfo тілшісі BAQ.kz-ке сілтеме жасап.

Сөзінше, электронды еңбек биржасының базасында тоқсан сайын бос жұмыс орындарының онлайн жәрмеңкесі өткізіледі.

Сондай-ақ министрдің айтуынша, жыл соңына дейін Электронды еңбек биржасы мобильдік қосымшасын да іске қосу жоспарланған. Осылайша, Электронды еңбек биржасы жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілердің жолын тоғыстыратын кездесу алаңына айналуға тиіс. Екіншіден, жыл сайын кемінде 100 мың жасты олардың оқуына, жұмысқа орналасуына және жеке іс ашуына көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларына тарту жоспарлануда.