Туристерге Жұмбақтасқа шығуға тыйым салынды
"Бурабайда" Жұмбақтас жартасына шығуға тыйым салынды, деп хабарлайды arainfo.kz
«Бурабай» ұлттық паркінің хабарлауынша, Жұмбақтас табиғи ескерткішіне кіру уақытша жабылды. Бұл шешім табиғатты қорғау және келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.
Сонымен қатар, белгіленген тәртіпті бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Парк әкімшілігі табиғи мұраға ұқыпты қарауға және ережелерді сақтауға шақырады.