Жаңалықтар

ҚАЖД: №59 мекемеде жартыжылдықтыңң қорытындысы тыңдалды

Бүгін Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №59 түзеу мекемесінде бірінші жартыжылдықтың жұмыс қорытындысына арналған жиналыс өткізілді.

Жиынға департамент бастығының орынбасары әділет подполковнигі Қайырбек Есентайұлы арнайы қатысып, мекеме қызметкерлерінің жартыжылдықтағы қызмет нәтижелерін тыңдап, бірқатар маңызды мәселелерге тоқталды.

Кеңесте мекеме басшысы және құрылымдық бөлімше жетекшілері өз бағыттары бойынша есеп беріп, қол жеткізілген нәтижелер мен орын алған кемшіліктер талқыланды. Сонымен қатар, алдағы кезеңге арналған міндеттер мен нақты тапсырмалар айқындалды.

Департамент басшылығының өкілі қызметкерлердің атқарған жұмысына оң баға беріп, түзеу мекемелеріндегі тәртіп пен қауіпсіздік деңгейін одан әрі нығайту бойынша нақты ұсыныстар айтты.