Жаңалықтар

Тоқаев Антикордың бұрынғы төрағасы Асхат Жұмағалиға ризашылығын білдірді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Антикордың бұрынғы төрағасы Асхат Жұмағалиға алғыс айтты, деп хабарлайды arainfo.kz

Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бұрынғы төрағасы Асхат Жұмағалиға белсенді әрі нәтижелі жұмысы үшін ризашылығын білдірді.

Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram арнасында хабарлады.

Бұған дейін, 2025 жылғы 30 маусымда Президент "Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" жарлыққа қол қойған болатын. Құжатқа сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамына енгізіледі.