Жаңалықтар

Перизат Қайраттың ісі сотқа жіберілді

Атышулы Перизат Қайраттың ісі Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралатын болды, деп хабарлайды arainfo.kz

Атышулы Перизат Қайраттың ісі Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралатын болды. Оған су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтар мен соғыстан зардап шеккен палестиналықтарға арналған 3,5 млрд теңгені жымқырды деген айып тағылуда.

Іс аясында Перизаттың анасы  Ғайни Адашбаева да күдікті деп танылды. Ол алаяқтық пен қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырды деп айыпталып отыр.

Тергеу мәліметінше, «Biz Birgemiz Qazaqstan» қорының басшысы Перизат Қайрат жиналған қаржының бір бөлігін қолма-қол шешіп, жөндеу жұмыстарына, жол жүруге, жиһаз, киім-кешек сатып алуға жұмсаған. Айтарлықтай шығындардың қатарында 6,9 млн теңгеге алынған Rolex сағаты да бар.