Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде сенбілік ұйымдастырылды
Бүгін, Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №59 мекемесінде санитарлық-тазалық және абаттандыру жұмыстары аясында сенбілік өткізілді, деп хабарлайды arainfo.kz
Аталған шараға мекеме қызметкерлері белсенді қатысып, мекеме аумағын қоқыстан тазартып, жасыл желектерге күтім жасады. Сондай-ақ, аула ішіндегі ағаштар мен гүлдер суарылып, ғимарат маңы абаттандырылды. Жүргіншілер жолы мен қоғамдық аймақтар тазаланып, көркейту жұмыстары жүргізілді.
Сенбіліктің басты мақсаты – мекеме аумағында санитарлық тазалықты сақтау, ұжымдық ынтымақтастықты арттыру, сондай-ақ қоршаған ортаға деген жауапкершілікті қалыптастыру.
№59 мекемесінің ұжымы осындай игі бастамалар ұжымдық бірлікті нығайтып қана қоймай, экологиялық мәдениетті дамытуға да өз үлесін қосатынына сенімді.