Жаңалықтар

Президент сайлауы: тағы бір кандидат ОСК-ға құжат тапсырды

Президент сайлауы: тағы бір кандидат ОСК-ға құжат тапсырды

Жұматай Әлиев президенттікке кандидат ретінде ұсынылды. Оның кандидатурасы туралы құжаттар Орталық сайлау комиссиясына тапсырылды, - деп хабарлайды Arainfo тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
2022 жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 54 және 55-баптарына, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған кезектен тыс сайлауы бойынша сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 67/545 қаулысына сәйкес Жұматай Әлиевтің "Халық демографиясы" қоғамдық бірлестігінен Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы келесі құжаттары ұсынылды: 1. "Халық демографиясы" қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының президенттігіне ұсыну туралы хаттамасынан үзінді; 2. Ж.Әлиевтің Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші; 3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат; 4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 5. Жоғары білімі туралы дипломдарының көшірмелері.