Жаңалықтар

Суға шомылу ережесін бұзғандар жауапқа тартылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі облыстық төтенше жағдайлар департаментінде көшпелі брифинг өткізді. Баспасөз мәслихатында төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Руслан Орынбеков «Шомылу маусымында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында баяндама жасады.

Баяндамашының айтуынша, облыс аумағында шомылуға жарамды 117-ден аса суайдын бар екен. Республика бойынша жыл басынан бері 33 адам (13-і бала) суға батып қаза тапқан. Ал шомылу маусымы басталғалы 19 адам (7 бала) суға бату салдарынан мерт болған.

 

Мұқағали БАЛТАБАЕВ