Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілердің ата-аналары алғыс арқалады

23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай облыс әкімі Ербол Қарашөкеев осы салада табысты еңбек етіп жүрген жастардың ата-аналарымен кездесті.

Облыс әкімі мемлекеттік қызметшілердің ата-аналарына бала тәрбиесіндегі жауапкершіліктері мен сіңірген еңбектері үшін алғыс білдірді.

Бұдан соң, мемлекеттік қызметтегі жемісті еңбегі мен қызметтік міндеттерін үлгілі орындаған 13 азаматтың ата-анасына облыс әкімінің Алғыс хаты салтанатты түрде табысталды.

Кездесуде жас мемлекеттік қызметшілердің ата-аналары сөз сөйлеп, көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдірді.

Бұл күні өңір басшысы мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтап, құрмет көрсетті.

Айта кетейік, облысымызда 4 446 мемлекеттік қызметші жұмыс істейді, оның ішінде жастардың үлесі 35,6 пайызды (817 адам) құрайды.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі