Жаңалықтар

Таластықтар Түркияда топ жарды

Түркияда өткен бишілер байқауында таластықтар топ жарды, деп хабарлайды arainfo.kz

Түркияның Анталия қаласында өткен халықаралық «Танцуй всей душой» хореографиялық байқауында Талас ауданы, Қаратау қаласындағы Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығының «HUSTLE DANCE» би үйірмесінінің тәрбиеленушілері СУПЕР ГРАН-ПРИ жүлдесін жеңіп алды.

Жерлестеріміз Грузия, Өзбекстан, Ресей, Туркия  елдерінің үздік би ұжымдары бақ сынаған ауқымды байқауында 104 би нөмірінің арасынан топ жарып отыр.