Жаңалықтар

Жамбыл облысында «Заң және Тәртіп» атты акциясы жалғасуда

Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес «Заң және Тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру аясында 2025 жылдың 23-27 маусымы аралығында Жамбыл облысында азаматтарды қоғамдық қабылдау бойынша апталық акциясы басталды.

Барлық құқық қорғау, жергілікті атқарушы және уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметкерлері өңір тұрғындарын тыңдап, көмек көрсетеді. 

Бұл шараның мақсаты — азаматтардың құқықтарын қорғау, олардың мәселелерін шешу, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін нығайту. 

Акцияның бірегей ерекшелігі — өңірдің шалғай елді мекендеріне автобустармен жылжымалы іс-шаралардың бір уақытта өткізілетіндігі болып отыр. 

Тәжірибелі қызметкерлерден құралған мобильді топтар автобустармен ауылдық елді мекендерге барып, заңдарды түсіндіру, мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу тәртібін жеткізу және проблемалық мәселелерді анықтау үшін жұмыс істеуде. 

Мұндай тәсіл халықтың максималды қамтылуын қамтамасыз етеді және көрсетілетін көмектің тиімділігін арттырады. 

Акцияға дайындық барысында азаматтардың өтініштері зерттеліп, шығатын жұмыс топтарының нақты үйлестірілуі қамтамасыз етілді. 

Сонымен қатар, Жамбыл облысының прокуратурасында «Ашық есік күні» өтті, оның мақсаты прокуратура органдарының халықпен кері байланысын орнату, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру болды. 

Іс-шараның басты бағыттарының бірі азаматтарды цифрлық платформалармен практикалық түрде таныстыру болды, олар: 

• «Құқықбұзушылық картасы» — өз ауданындағы қылмыс деңгейін бақылау және жеке қауіпсіздікті арттыру; 

• «Қоғамдық сектор» — қылмыстық тергеу материалдарымен танысу және қылмыстық процесс қатысушыларына өтініштер беру; 

• «Бірыңғай әкімшілік құқықбұзушылықтар реестрі»— айыппұлдардың бар-жоғын өз бетімен тексеру және келіспеген жағдайда оларды шағымдану;

• WhatsApp бот арқылы құқықбұзушыларға ескерту — үштен астам әкімшілік құқықбұзушылық болған жағдайда, заң бұзушыларды уақтылы хабардар ету.

Жалпы а.ж. прокуратурамен халықпен тікелей байланыс орнатуға зор мүмкіндік беретін «Қоғаммен байланыс» жобасы іске асырылуда. 

​Жоба аясында прокурорлар уәкілетті мемлекеттік органдармен бірге шалғай елді мекендерде 120-данастам көшпелі кездесулер өткізді. Іс-шаралар 10 мыңнан астам азаматтарды қамтыды.

Бірлескен қоғамдық қабылдауларда 2,5 мың азамат тиісті жауаптар мен құқықтық көмек алып, ал 350азаматтардың өзекті мәселелері толығымен шешілді. 

Сонымен бірге жоба аясында прокурорлар тексерулер мен талдаулар жүргізіп, халыққа әсерін тигізетін өзекті мәселелерді анықтап, 12,2 мыңтұрғынның құқықтарын қорғады.

Мысалы 300-ден астам азаматтардың тұрғын үй алу құқығы қорғалды, 2,5 мың жұмысшының еңбек құқығы қалпына келтірілді, ерекше қажеттіліктері бар 2 мың адамға тиесілі инватакси жұмысының графигі қайта қаралды.

Облыс прокуроры өзі 5 ауданда (Жамбыл, Байзақ, Талас, Рысқұлов, Қодай), халықпен ауқымды кездесулер өткізіп, жеке қабылдауында бірқатар мәселелері шешілді.

Мысалы, Жамбыл ауданында мүмкіндігі шектеулі 170 балаға сабақ беру үшін жаңа ғимарат берілді, Т.Рысқұлов ауданында 41 үлескердің көп жылдық мәселесі шешілді. Қордай ауданында бірнеше ай бойы кепілдік құжаттарын қайтара алмай жүрген ауыл шаруашылығы жануарларын өсірумен айналысатын 102 кәсіпкердің мәселесі шешілді. Тараз қаласында 15 шағын аудандағы 58 үй жылумен қамтамасыз етілген. 

 

 

 

Жамбыл облысының прокуратурасы