Жамбыл облысында 74 жастағы студент диплом алды
74 жастағы Валентина Павлована жоғары білім алып, диплом иегері атанды, деп хабарлайды arainfo.kz
Бүгін Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде ерекше оқиға орын алды. 74 жастағы Валентина Павловна «Құқықтану» мамандығы бойынша жоғары оқу орнын аяқтап, дипломын салтанатты түрде қолына алды.
Шынындығында бұндай жағдай облыс тарихында ғана емес, Қазақстан тіпті әлемде сирек кездеседі. Ол өз үлгісімен білім алуға ешқашан кеш емес екенін дәлелдеді.
Заң саласына қызығушылығы нақты бір оқиғадан кейін оянған. Zoom платформасында өткен талқылау кезінде Білім және ғылым министрлігінің өкілдерімен, оның ішінде заңгерлермен бірге заңнамадағы өзгерістер туралы пікір алмасу барысында ол Кәсіпкерлік кодекске қайшы келетін жайтты атап өткен. Алайда оның дәлеліне жауап беру орнына: «Сіз заңгер емессіз, бұл салаға қандай қатысыңыз бар?» деген қарсы пікір айтылыпты.