Жаңалықтар

Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты мәлімдеме жасады

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды arainfo.kz

Мәлімдемеде АҚШ пен Иран арасындағы соңғы әскери әрекеттердің салдарына алаңдаушылық білдіріліп, бұл жағдай халықаралық тұрақтылық пен, әсіресе, әлемнің осы бөлігінде орналасқан мемлекеттердің қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіретіні атап өтілді.

Қазақстан барлық мүдделі тараптарды ядролық қарудың таралуына жол бермеуге және таратпау режимін сақтау негізінде, халықаралық бақылау аясында қауіпсіздікке кепілдік беретін келісімді жедел әзірлеуге шақырды.