Жарыс жолында – мемлекеттік қызметшілер
23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Тараз қаласындағы «Ұлан» стадионында мемлекеттік қызметшілер арасында дәстүрлі облыстық спартакиада өтті.
Спартакиаданың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, мемлекеттік қызметшілерді спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, командалық рухты, мақсатқа ұмтылушылықты, ерік-жігерді, табандылықты және жеңіске ұмтылысты тәрбиелеу.
Спартакиадаға қатысушылар ләңгі тебу, армрестлинг, жүзу, арқан тарту, секірмек, кіртас көтеру, жеңіл атлетика және қазақ күресі сынды спорт түрлерінен өзара күш сынасты.
Тартысты өткен сайыстың қорытындысы бойынша Тараз қаласының құрамасы бірінші орынды жеңіп алды. Облыстық аумақтық инспекциясының құрамасы екінші орын иеленді. Жуалы мен Шу аудандарының құрамалары үшінші орынды өзара бөлісті.
Сымбат ҚУАНЫШ