Қайтарылған активтер есебінен амбулатория ашылды
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, облысымызда қайтарылған активтер есебінен 19 ауызсумен қамтамасыз ету және денсаулық сақтау нысанының құрылысы қаржыландырылды.
Мәселен, 2025 жылғы 17 маусымда облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров Қордай ауданының Үлкен Сұлутөр ауылында бой көтерген жаңа дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанатына қатысты.
Үлкен Сұлутөрдегі амбулатория – ел бойынша бағдарлама аясында пайдалануға берілген алғашқы нысандардың бірі. Амбулаторияның ашылуына дейін ауыл тұрғындарына 1959 жылы салынған ескі ғимаратта қызмет көрсетілген.
Аудан орталығы мен Үлкен Сұлутөр ауылы арасындағы үлкен қашықтықты ескере отырып, жаңа амбулатория 1 500-ден астам тұрғынға қажетті медициналық қызметтерді ауылдан шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді.
Медициналық мекеме алғашқы дәрігерлік және дәрігерге дейінгі көмек көрсету үшін қажетті заманауи медициналық құрал-жабдықтармен, физиотерапия, оңалту және ЭКГ кабинеттерімен жабдықталған.
Облыс прокуратурасының
баспасөз қызметі