Жаңалықтар

Жамбыл облысында сотталғандар арасында спорттық шара ұйымдастырылды

Тараздағы өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 мекемесінде кезекті рет жазасын өтеушілер арасында спорттық шара ұйымдастырылды.

Мекемедегі жасақ бастықтарының ұйытқы болуымен өткен шара барысында сотты болған азаматтар қол күресі, асық ату, қол күресі және өзге де сайыстардан өзара кім мықтыны анықтады. Тартысты өткен жарыстың қорытындысында белсенділік танытып, жүлделі орындар иеленген қатысушылар мекеме әкімшілігі тарапынан марапатталды.