Жаңалықтар

ҚАЖ: №59 мекемеде кешкі мектеп түлектері аттестат алды

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде жазасын өтеуші 6 азамат кешкі мектепті сәтті аяқтап, орта білім туралы аттестат алды, деп хабарлайды arainfo.kz

Оларға Тараз қалалық білім бөлімінің «Жалпы білім беретін кешкі мектеп» мұғалімдері сабақ беріп келді. Сотталғандардың арасында өзге ұлт өкілдері де бар. Мұғалімдер білім алушыларын құттықтап, білім алуға жағдай жасаған мекеме әкімшілігіне алғыс білдірді.

Кешкі мектеп бұл мекемеде біраз уақыттан бері жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда оннан аса мұғалім сотталған азаматтарға білім беруде. Оқу жылын сәтті аяқтаған барлық азаматтарды шын жүректен құттықтаймыз.