Суды заңсыз пайдаланған кәсіпорындар ірі айыппұл арқалады
Ақтөбе облысында бес кәсіпорынның суды заңсыз пайдаланғаны анықталды, деп хабарлайды arainfo.kz
Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының Ақтөбе бөлімшесі су қорын қорғау және пайдалану талаптарының сақталуына байланысты облыстың бес коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында тексеріс жүргізді.
Тексеру нәтижесінде Қобда мен Қарғалы аудандарында, сондай-ақ Ақтөбе қаласындағы Ақжар-1, Қызылжар, Қарғалы, Жоғарғы Қарғалы, Өрлеу және Сазды тұрғын аудандарында жерасты суларын рұқсатсыз пайдаланған жағдайлар анықталды. Екі кәсіпорында мүлде су бұруға рұқсат болмаған.
Айта кетейік, бұған дейін Қызылорда облысында алты шаруа қожалығы 2,3 млн текше метрден астам суды заңсыз пайдаланғаны анықталған болатын. Сондай-ақ, Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы Шардара аудандық прокуратурасымен бірлесіп, Түркістан облысында 24 тіркелмеген сорғы қондырғысын тапты.
Бұл жағдайлар су ресурстарын заңсыз пайдалану проблемасының әлі де өзекті екенін көрсетеді.