Жаңалықтар

Қоғамдық бірлестік жетекшісі алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды

Алматы облысында қоғамдық бірлестік жетекшісі алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы мәлімдеді.

Тергеу мәліметінше, күдікті шетелде сотталған Қазақстан азаматтарын босатуға көмек көрсету мақсатында халықтан жиналған қаражатты иемденіп алған.

Сот күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтер жария етілмейді.