Жаңалықтар

Үндістан әлемдегі ең үлкен теміржол көпірін салды

Ұзындығы 1,3 шақырым, ал биіктігі теңіз деңгейінен 359 метр болатын Ченаб теміржол көпірі — қазіргі таңда әлемдегі ең биік өткел болып саналады,деп хабарлайды arainfo.kz

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди бұл көпірді тек инженерлік жетістік қана емес, Джамму мен Сринагар арасындағы байланысты күшейтетін стратегиялық маңызды нысан ретінде бағалады.

Сонымен қатар Үндістан үкіметі Джамму мен Кашмир аймағында көлік және инфрақұрылым саласын дамыту мақсатында ауқымды жобаларды қолға алды. Мысалы, Катра қаласында жалпы құны 460 миллиард рупий (шамамен 5,4 миллиард АҚШ доллары) болатын инфрақұрылым жобалары іске қосылды.