Жаңалықтар

Есірткінің жолы кесілді

11 маусым 2025 жылы «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде тыйым салынған заттың жеткізілуінің жолы кесілді,деп хабарлайды arainfo.kz

Жедел және режим бөлімінің қызметкерлері жүргізген тексеріс барысында, Тараз қаласының тұрғыны жазасын өтеуші танысына әкелген азық-түлік ішінде – құрма жемісінің ішіне арнайы дайындалып жасырылған, өткір иісі бар жасыл түсті 60 дана белгісіз зат табылды.


12.06.2025 жылғы сот-сараптамалық қорытындысына сәйкес, табылған заттың жалпы салмағы 66,53 грамм гашиш есірткі заты екені анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Қылмыстық-атқару жүйесінде тыйым салынған заттарды мекеме аумағына енгізуге тырысқан кез келген әрекет заң шеңберінде қатаң жазаланады!

 Заңды құрметтейік – болашағымызды қорғайық!