Жаңалықтар

Президенттікке үміткер ретінде құрылысшы да құжаттарын тапсырды

Президенттікке үміткер ретінде құрылысшы да құжаттарын тапсырды

«Қазақстан құрылысшылар одағы» республикалық бірлестігінің атынан Талғат Файзуллиұлы Ерғалиев кезектен тыс президенттік сайлауға кандидат ретінде тіркелу үшін Орталық сайлау комиссиясына құжат тапсырды деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Үміткер «Қазақстан құрылысшылар одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігі жоғары органы отырысының ҚР президенттігіне ұсыну туралы хаттамасынан үзіндіні,Т.Ф. Ерғалиевтің ҚР президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтінішін, ҚР Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжатты, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғары білімі туралы дипломының көшірмесін тапсырды.